Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын 2019 жылы ұсыну туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № VI-39/334 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 5158 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтіне жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 03.09.2019 № VI-45/389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға өтiнiш берген сәтiне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн, маманмен мәлiмделген сомада, бiрақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын, бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.

      3. "Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi осы шешiмдi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады