Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 49 "Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 348 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 қаңтарда № 5680 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 05.03.2024 № 109 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Ұлытау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 49 "Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4014 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазандағы № 44-45 (6068) "Ұлытау өңірі" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 04 қарашасында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 9 тармағы 3-1) тармақшасымен келесі редакцияда толықтырылсын:

      "3-1) амбулаториялық емделу кезінде әлеуметтік маңызы (онкологиялық аурумен ауыратындар, иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауыратындар) бар аурулардың болуы.";

      15 тармағының 2) тармақшасы және 2, 3 қосымшалары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Ершуманова
      Ұлытау аудандық маслихаттың хатшысы Т. Сейтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады