Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 37-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 наурызда № 6729 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Арал аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ М. ОРАЗБАЕВ

  Арал ауданы әкімдігінің 2019жылғы "11" наурыз № 37-қ қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі

Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру)

-

50%

Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру)

-

15%

Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу

-

20%

Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге жұмсалатын резерв

-

10%

Кәсіпорындар қызметінің спецификасы бойынша қажет ететін шығындар түрі

-

5%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады