"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | Ә. Оразбекұлы |