Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 82 "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысының күші жойылсын деп тану туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 247 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 4045 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.02.2020 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2857 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 82 "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3033 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.Х. Айтжан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады