2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 111 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 наурызда № 3840 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Акбердиев) қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Танаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Дауылбаев

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы "15" наурыздағы
  №111 қаулысына қосымша

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

 

 
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары ның әкімшілік-аумақтық орналасуы (қала, ауыл)

 
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)

 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Балабақша (мемлекеттік)

Мектеп жанындағы толық күндік шағын- орталық (мемлекеттік)

Дербес толық күндік шағын-орталық (жеке меншік)

 
Балабақша (мемлекеттік)

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық (мемле кеттік)

Дербес толық күндік шағын-орталық (жеке меншік)

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

 
3 жастан 7 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

1

қала

27584

26953

27584

10230

12300

12300

12300

2

ауылдық жерлер

30251

-

30251

10230

-

12300

12300


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады