Ақшұқыр ауылы әкімінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 223 "Ақшұқыр ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 207 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 4046 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 10-11-1540 ақпараттық хатының негізінде, Ақшұқыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Ақшұқыр ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" Ақшұқыр ауылы әкімінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 223 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3705 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі нұсқасының 1 тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. "Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Қосбармақ Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады