Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы №16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 40/393 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 3879 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы №16/166 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен "Мұнайлы" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы";

      1 қосымшада:

      келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 5 жолмен толықтырылсын:

      "

Азық-түлік өнімдерінің бағасының қымбаттауына байланысты әлеуметтік көмек

5

Көпбалалы отбасылар

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға

100 (жүз) мың теңге

-

Жылына бір рет

      ".

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы аудандық мәслихат хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Б. Казахбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады