Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 8454 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 30.03.2023 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Агрофирма "Олимп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі Антоновка ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1991 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тельман ауылдық округінің әкімі С. Досмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады