Мәслихаттың 2016 жылғы 16 тамыздағы № 52 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 254 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 8569 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 02.09.2020 № 352 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 тамыздағы № 52 шешіміне (2016 жылғы 13 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 300000 (үш жыз мың) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 9 мамырдан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады