Дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 264 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте № 8662 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Аудан әкімдігінің "Дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 135 қаулысының (2018 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7754 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Испергенов

  Әкімдіктің
2019 жылғы "19" қыркүйектегі
№ 264 қаулысына
қосымша

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы-балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Тегін

6

Студенттер

Тегін

7

Зейнеткерлер

Тегін

      Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады