Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 76 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 8547 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 87 қаулысымен. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 12.04.2021 № 47 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 28.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына ссәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 28.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № 115 қаулысының (2018 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7968 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 76 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 28.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 28.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық (қалалық) аурухананың; аудандық (қалалық) емхананың;

      2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің басшысы, параклиникалық бөлімшенің (зертхананың) меңгерушісі;

      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      4) акушер;

      5) диеталық мейіргер;

      6) мейірбике (мейіргер);

      7) статистик;

      8) зертханашы (медициналық);

      9) провизор (фармацевт);

      10) психолог маман;

      11) рентген зертханашысы;

      12) әлеуметтік қызметкер;

      13) фельдшер;

      14) дәріхана меңгерушісі; мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      15) медициналық тіркеуші.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандардардың лауазымдары:

      1) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы; (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік кабинеттерінен басқа (орталық);

      2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары; (шағын жинақталған мектептен басқа);

      3) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымы; әдістемелік кабинеттің (орталықтың);

      4) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары: шағын жинақталған мектептің;

      5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      6) тәлімгер;

      7) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      8) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      9) қосымша білім беретін педагог;

      10) тәрбиелеуші;

      11) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);

      12) ұйымдастырушы педагог;

      13) әлеуметтік педагог;

      14) әдіскер (негізгі қызметтердің), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;

      15) мейірбике (мейіргер);

      16) емдәмдік мейірбике;

      17) концертмейстер (негізгі қызметтердің);

      18) хореограф (негізгі қызметтердің);

      19) логопед;

      20) психолог;

      21) кітапхананың басшысы (меңгерушісі), мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы;

      22) кітапханашы.

      4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) хормейстер;

      5) концертмейстр;

      6) кітапханашы;

      7) библиограф;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) аккомпаниатор;

      10) хореограф;

      11) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      13) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      14) музыкалық жетекші.

      5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      4) тренер;

      5) нұсқаушы-спортшы;

      6) әдіскер;

      7) (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады