Мәслихаттың 2018 жылғы 14 мамырдағы № 240 "Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 381 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 8739 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 404 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 27.01.2020 № 404 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауыл, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 240 шешіміне (2018 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7781 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Байменов
      Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Т. Пфунт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады