Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 303/27 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 6237 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай, Баянауыл және Шарбақты аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Ақтоғай, Баянауыл және Шарбақты аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Ақтоғай ауданы бойынша:

      аумағы Қараоба ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Әуелбек ауылдық округі таратылсын;

      аумағы Ақтоғай ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Харьков ауылдық округі таратылсын;

      аумағы Жалаулы ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Шолақсор ауылдық округі таратылсын;

      аумағы Разумов ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Басқамыс ауылдық округі таратылсын;

      2) Баянауыл ауданы бойынша аумағы Майқайың кентінің құрамына қосыла отырып, Шөптікөл ауылдық округі таратылсын;

      3) Шарбақты ауданы бойынша:

      Алексеевка ауылдық округі таратылсын:

      Алексеевка ауылы мен Құрқамыс станциясы Александровка ауылдық округінің құрамына қосылсын;

      Назаровка ауылы Шарбақты ауылдық округінің құрамына қосылсын;

      Чигиринов ауылдық округі таратылсын:

      Чигириновка ауылы Галкин ауылдық округінің құрамына қосылсын;

      Есілбай ауылы Шалдай ауылдық округінің құрамына қосылсын;

      ауылдық округтің орталығын Хмельницкий ауылы деп анықтап, аумағы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Хмельницкий ауылдық округі таратылсын;

      аумағы Сосновка ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Красиловка ауылдық округі таратылсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы А. Бойчин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады