Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 335/29 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 6273 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1 жолы "Опсамид (Мацитентан 10 мг)" препаратымен толықтырылсын және 10 жолымен келесі мазмұнында толықтырылсын:

      "

10

Идиопатиялық миелофиброз

Препарат:
"Руксолитиниб (Джакави)".

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын облыстық мәслихатының бақылау әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Бойчин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы О. С. Мұқашев
      2019 жылғы "15" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады