Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 106/3 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 6275 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 106/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының атауында және 1-тармағында "спорт және ветеринария" сөздері "спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынасқа қолданылады.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Бойчин
      2019 жылғы "15" наурыз
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Бексейітова
      2019 жылғы "15" наурыз

  Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы "20" наурыздағы
№ 65/2 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
7-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Облыстық маңызы бар орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және орынбасары.

      2. Облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеменің орман шаруашылығы басшысы (бас орманшы).

      3. Облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеменің орман шаруашылығы басшысының орынбасары.

      4. Орманды күзету және қорғау инженері, орманды пайдалану жөніндегі инженер, орманды қалпына келтіру жөніндегі инженер, ағаш отырғызушы-инженер.

      5. Мамандар: орманшы (инспектор), аңшытанушы, орман (учаске) шебері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады