Ақсу қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 6276 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б. С. Умархановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі Б. Ыбыраев

  Ақсу қаласы әкімінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 1 шешіміне
қосымша

Ақсу қаласы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақсу қаласы әкімінің 2017 жылғы 8 тамыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5617 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Ақсу қаласы әкімінің 2017 жылғы 26 қазандағы "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5854 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады