Ақтоғай ауданының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 163 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 маусымда № 6421 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің қарамағындағы жерлеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Арынов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" маусымдағы
№ 163 қаулысына
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Алаңы, га

Ұзындығы, м

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы филиалы - телекоммуникация және инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жөніндегі Дирекциясы

6,65

16 625

Талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және пайдалану үшін

2

Ақтоғай ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады