Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 182 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 6482 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Арынов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "16" шілдедегі
№ 182 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 тамыздағы "Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5220 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы "Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 ақпанда "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      4. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы "Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 шілдеде "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      5. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы "Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 290 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6208 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады