Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 1-03/06 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 6679 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Воскресенка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумығында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Воскресенка ауылдық
      округінің әкімі О. Жаркина

  Воскресенка ауылдық
округінің әкімінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1-03/06 шешіміне
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Ұзындығы, метр

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналысқан жері

1

"Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1, 8496

12909

Су құбырын және су құрылғыларының құрылысын салу

50

Воскресенка ауылдық округінің аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады