Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1-03/160 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 6456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Қ. Әметовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балғабаев

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "26" маусымдағы
№ 1-03/160 қаулысына
қосымша

Аққулы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2016 жылғы 02 сәуірде "Аққу үні - Вести Акку" аудандық газетінде жарияланған).

      2. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 тамыздағы "Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 164/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5211 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы "Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 1-12/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5358 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Аққулы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы "Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1-03/327 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6176 болып тіркелген, 2019 жылғы 03 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады