Аққулы ауданы Баймолдин ауылдық округі Әбілқайыр Баймолдин атындағы және Тақыр ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы Баймолдин ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 6430 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Баймолдин ауылдық округінің Әбілқайыр Баймолдин атындағы, Тақыр ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Баймолдин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданы Баймолдин ауылдық округінің Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылындағы "Степная" көшесі "Астана" көшесі, "Дорожная" көшесі "Жолжиек" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Аққулы ауданы Баймолдин ауылдық округінің Тақыр ауылындағы "Ленин" көшесі "Тұңғыш Президент" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Қ. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады