Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі "Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 223/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 148/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 мамырда № 6390 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 128/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 12.03.2024 № 128/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі "Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 223/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамыздағы"Заман тынысы" және "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 22 мамырдағы
№ 148/5 қаулысына
Қосымша
  Павлодар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 223/7 қаулысына
2-қосымша

Даниловка, Заңғар ауылдарында тұратын балаларды
Ефремовка орта жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы


Шартты белгілер:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады