Успен ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 4/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 6234 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзышылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Успен ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. А. Абушахмановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қасенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрлігі
      Павлодар облысы
      Полиция департаментінің
      Успен ауданының Полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Болат
      2019 жылғы "11" қаңтар

  Успен ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "11" қаңтардағы
№ 4/1 қаулысына
қосымша

Успен ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібі сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Успен ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Успен ауданының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Успен ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Успен ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады