Успен ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі "Успен ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 127/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 223/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 6489 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі "Успен ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 127/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6336 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасының 4-бағанындағы 4-жолдағы "117200,77" деген сандары "17200,77" деген сандарымен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары А. А. Дисюповаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2019 жылғы 25 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Абушахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады