Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 94 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 5355 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққайың ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Солтүстік

      Қазақстан облысы Аққайың

      аудандық сайлау комиссияның

      төрағасы

      ________________ Қ. Құрманбаев

      2019 жылғы "__" _________

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" сәурдегі № __ қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттардын үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар

р/с №

Елді мекеннің атауы

Орналастыру орындары

Астраханка ауылдық округі

1

Астраханка ауылы

"Виктория" дүкенінің жанындағы аумақ

Аралағаш ауылдық округі

2

Аралағаш ауылы

"Нұрай" дүкенінің жанындағы аумақ

3

Рублевка ауылы

"Иван Зенченко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы аумақ

Власовка ауылдық округі

4

Власовка ауылы

"Лидия" дүкенінің жанындағы аумақ

Григорьевка ауылдық округі

5

Трудовое ауылы

"Әлия" дүкенінің жанындағы аумақ

Ивановка ауылдық округі

6

Ивановка ауылы

"Меркурий" дүкенінің жанындағы аумақ

Қиялы ауылдық округі

7

Қиялы ауылы

"Салют" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы аумақ

Лесное ауылдық округі

8

Ленинское ауылы

"Астана" дүкені ғимаратының жанындағы аумақ

Полтавка ауылдық округі

9

Полтавка ауылы

"Полтавское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратының жанындағы аумақ

Смирново ауылдық округі

10

Смирново ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылғы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы аумақ

11

Смирново ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты жанындағы аумақ

12

Смирново ауылы

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімдігінің "Балапан" ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанындағы аумақ

Тоқшын ауылдық округі

13

Тоқшын ауылы

"Кулинария" дүкенінің жанындағы аумақ

Шағалалы ауылдық округі

14

Шағалалы ауылы

"Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратының жанындағы аумақ

Черкасское ауылдық округі

15

Черкасское ауылы

"Черкасское Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанындағы аумақ

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" сәуірдегі № __ қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін ұсынылған үй-жайлар

р/с №

Елді мекеннің атауы

Кездесулерді өткізу орны

1

Аралағаш ауылы

"Қайырбек Оразов атындағы Аралагаш орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

Рублевка ауылы

Рублевка ауылының ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты (келісім бойынша)

3

Астраханка ауылы

Астраханка ауылдық округінің бос уақыт орталығының ғимараты

4

Власовка ауылы

"Власовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

5

Шағалалы ауылы

"Шағалалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

6

Трудовое ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық клубы ғимараты

7

Ивановка ауылы

Ивановка ауылының ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты (бос уақыт орталығы) (келісім бойынша)

8

Қиялы ауылы

"Салют" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты (келісім бойынша)

9

Ленинское ауылы

"Ленин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

10

Полтавка ауылы

"Полтавка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

11

Смирново ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

12

Тоқшын ауылы

Чапай дәрігерлік амбулаториясы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты

13

Черкасское ауылы

Черкасское ауылдық округі бос уақыт орталығының ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады