Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 43/256 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 5686 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 2/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 01.02.2021 № 2/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97- бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешіміне (2019 жылғы 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5343 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген Шешімнің 1- қосымшасында:

      1- тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;";

      3- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      4- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";

      8-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша жүргізіледі.";

      1- тармақтың 3) тармақшасы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Жолтабаров
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады