Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 86 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 5340 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2023 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуіріндегі № 98 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының (2016 жылғы 2 маусымында "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3762 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының әкімі
М. Әбішов

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 4 сәуіріндегі № 86 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Автодүкенді және (немесе) шатырды (павильонды) орналастыру орны

1

Архангелка ауылы – Гагарин көшесі, 37 (әкімдікке қарама-қарсы алаң)

2

Баян ауылы – Балта көшесі, 24 (мешіт пен бұрынғы сауда орталығының арасындағы асфальтталған алаң)

3

Баймаганбет Ізтөлин ауылы – Школьная көшесі, 26 (бұрынғы мектеп ғимаратына қарама-қарсы)

4

Айтуар ауылы – Мәдениет көшесі, 4 (стадионның жанында)

5

Үлгі ауылы – Е. Шайкин көшесі, 20 (саябаққа қарама - қарсы)

6

Благовещенка ауылы – Мир көшесі, 5 (мәдениет үйінің жанында)

7

Богдановка ауылы – Абай көшесі, 10 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

8

Майбалық ауылы –Уәлиханов көшесі, 9 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

9

Благовещенка ауылы – Центральная көшесі, 9 (М. Қайнетованың жеке үйінің жанындағы алаңша)

10

Жамбыл ауылы – Орталық көшесі, 13 (су тарату пунктінің қасында)

11

Суаткөл ауылы – Орталық көшесі, 8 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

12

Амангелді ауылы - Орталық көшесі, 8 (су тарату пунктінің қасында)

13

Есперлі ауылы – Мектеп көшесі, 2 ("Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есперлi негiзгi орта мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында)

14

Қарағаш ауылы – Мектеп көшесі, 2 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

15

Казанка ауылы – Школьная көшесі, 5 ("Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Казанка жалпы орта білім беру мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң)

16

Екатериновка ауылы – Школьная көшесі, 8 ("Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Екатериновка бастауыш мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында)

17

Светлое ауылы – Центральная көшесі, 15 (бұрынғы клуб ғимаратының жанында)

18

Екатериновка ауылы – Центральная көшесі, 4А (су тазалау станцияның қасында)

19

Қайранкөл ауылы – Мир көшесі, 7 (Е.Т. Қостановтың жеке үйінің жанындағы алаңша)

20

Новое ауылы – Абай көшесі, 10 (медициналық пунктінің жанында)

21

Украинское ауылы – Конституция көшесі, 4 (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Солтүстік Жер" кеңсесі ғимаратының жанында)

22

Кладбинка ауылы – Мир көшесі, 36 (әкімдік ғимаратына қарама - қарсы)

23

Сенжарка ауылы – Центральная көшесі, 17 (Г.В. Иванованың жеке үйінің жанындағы алаңша)

24

Симаки ауылы – Школьная көшесі, 19 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

25

Кладбинка ауылы – Магазинная көшесі, 4 (Г.В. Костинаның жеке үйінің жанындағы алаңша)

26

Новорыбинка ауылы – Поселковая көшесі, 11 (сүтті суыту пункті ғимаратының жанында)

27

Миролюбово ауылы – Центральная көшесі, 32 (Н.В. Мельницкаяның жеке үйінің жанындағы алаңша)

28

Святодуховка ауылы – Молодежная көшесі, 25 (Н.В. Коваленконың жеке үйінің жанындағы алаңша)

29

Сәбит ауылы – С. Мұқанов көшесі, 6 (медициналық пункті ғимаратының жанында)

30

Ольговка ауылы – Центральная көшесі, 31 (А.В. Коваленконың жеке үйінің жанындағы алаңша)

31

Жаңажол ауылы – Е. Естемистов көшесі, 12 (саябақтың жанында)

32

Мирное ауылы – Ленин көшесі, 22 (әкімдіктің жанында)

33

Айымжан ауылы – Театральная көшесі, 17 (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "НАШАН LTD" кеңсесіне қарама-қарсы)

34

Рождественка ауылы – Новая көшесі, 1 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

35

Ұзынкөл ауылы – Мир көшесі, 12 ("Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ұзынкөл бастауыш мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама- қарсы)

36

Петровка ауылы – 9 май көшесі, 11 (су тарату пунктінің жанында)

37

Озерное ауылы – Наурыз көшесі, 14 (бұрынғы клуб аумағының жанында)

38

Бауман ауылы – Школьная көшесі, 5 (Н.П.Пулованың жеке үйінің жанындағы алаңша)

39

Қарақамыс ауылы – Абылай хан көшесі, 5 (клубтың аумағы)

40

Пресноредуть ауылы – Центральная көшесі, 2 (су тарату пунктінің жанында)

41

Макарьевка ауылы – Школьная көшесі, 3 ("Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Макарьевка бастауыш мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында)

42

Нұрымбет ауылы – Школьная көшесі, 12 (медициналық пункті ғимаратының жанында)

43

Ястребинка ауылы – Школьная көшесі, 2 (медициналық пункті ғимаратының жанында)

44

Буденное ауылы – Первомайская көшесі, 40 (әкімдік ғимаратының жанында)

45

Калиновка ауылы – Южная көшесі, 7 (су тарату пунктінің жанында)

46

Кабань ауылы – Станичная көшесі, 7 (су тарату пунктінің жанында)

47

Чапаевка ауылы – Береговая көшесі, 15 (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)

48

Пресновка ауылы –
1. Пионерская көшесі, 13 (астық қабылдау пункті жанындағы алаңша);
2. Интернациональная көшесі, 59 (А.А.Коркиннің жеке үйінің жанындағы алаңша).

49

Пресновка ауылы – Островная көшесі, 21 (медициналық пункті ғимаратының жанында)

50

Железный ауылы – Дружба көшесі, 25 (бұрынғы клуб ғимаратына қарама - қарсы)

51

Троицкое ауылы – Центральная көшесі, 15 (О.В. Попованың жеке үйінің жанындағы алаңша)

52

Орталық ауылы – Мектеп көшесі, 2А (бұрынғы мектеп ғимаратының жанында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады