Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 320 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қаңтарда № 4334 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 177 "Атырау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2873 болып тіркелген, "Атырау" газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 39 жарияланған) шешімі;

      2) Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 282 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 177 "Атырау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3243 болып тіркелген, "Атырау" газетінде 2015 жылғы 11 шілдеде № 76 жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХХIV сессия төрағасы Н. Құрман
      Мәслихат хатшысы Р. Джанглишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады