Махамбет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 366 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қыркүйекте № 4495 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет аудандық маслихатының 07.04.2023 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Махамбет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
43-сессиясының төрағасы
Н. Ерғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Мырзашев

  Махамбет аудандық
мәслихатының 2019 жылғы
"12" қыркүйектегі № 366
шешіміне қосымша
  Махамбет аудандық мәслихатының 2019 жылғы "12" қыркүйектегі № 366 шешімімен бекітілген

Махамбет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Махамбет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет аудандық маслихатының 12.03.2024 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Махамбет ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет аудандық маслихатының 07.04.2023 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады