Индер ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 247 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 тамызда № 4482 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 05.04.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37–бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Индер ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары C. Өтеғұловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Қалауи

  Индер ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "23"тамыздағы №247 қаулысына қосымша

Индер ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекен атауы

Арнайы бөлінген орындар

Бірліктер саны

Автодүкендерде

Шатырларда (павильондарда)

1

Индербор кенті

Қ.Төленбаев көшесі, "Алға" базарының алдындағы алаң

7

7

Д.Қонаев көшесі, "Жасұлан" базарының алдындағы учаске

3

5

С.Тұңғатаров көшесі,
"Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ғимаратының алдындағы учаске

7

10

Тұзды көл жағалауы, Индербор кентінен 15 км қашықтықта

10

20

Н.Меңдіғалиев көшесі №45, парк аумағы

-

6

С.Бейбарыс көшесі, №6 үйдің жанындағы учаске

-

4

Жайық өзені маңындағы парк аумағы

-

7

Д.Қонаев көшесі №17 үйдің алдындағы учаске

5

5

Д.Қонаев көшесі №19 үйдің жанындағы учаске

-

5

Д.Қонаев көшесі №22 үйдің жанындағы учаске

2

5

Ж.Кенжетаев көшесі, "Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Көктем" қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы учаске

-

1

Махамбет көшесі №43а, 43б үйлерінің артындағы учаске

5

5

Махамбет көшесі №18, 20 үйлердің алдындағы учаске

5

5

Қ.Тұхфатов көшесі, "Әйіп қажы" мешітінің алдындағы учаске

-

1

2

Бөдене ауылдық округі

С.Датов көшесі 1б, орталық алаң

4

4

3

Жарсуат ауылдық округі

Махамбет көшесі №2А, "Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі автотұрақ

5

7

4

Құрылыс ауылы

Қ.Кемалиев көшесі №10, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының Құрылыс ауылдық медициналық пункт алдындағы ашық алаң

5

5

5

Көктоғай ауылдық округі

О.Айтбаев көшесінің бойындағы учаске

6

5

6

Өрлік ауылдық округі

И.Үсенов көшесі №15 үй алдындағы учаске

4

4

7

Есбол ауылдық округі

С.Датов көшесіндегі алаң

3

5

8

Ынтымақ ауылы

Б.Бозекенов көшесіндегі алаң

3

5

9

Елтай ауылдық округі

Жеңіс және М.Қабиұлы көшелерінің қиылысы

5

6

10

Аққала ауылы

Т.Жылысов көшесіндегі №1 үйдің жанындағы аумақ

5

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады