Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 337 "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 230 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 17 қазанда № 5219 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 337 "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3430 болып тіркелген, 2015 жылы 24 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген қосымшада:

      "1. Жалпы ережелер" деген тарауда:

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.";

      3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап болады;";

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау" деген тарауда:

      5 тармақтың:

      3 - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электронды цифрлы қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлауға, тіркеуге болады немесе ұялы байланыс операторы арқылы берген абоненттік нөмір арқылы порталға тіркелген жағдайда, бір мәртелік парольмен жүргізіледі;";

      5 және 6 - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеу қажет;

      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет немесе ұялы байланыс операторы арқылы берген абоненттік нөмірі порталға тіркелсе онда бір мәртелік парольмен жүргізіледі;";

      9-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) басшылық құжаттарды қарап болған соң 20 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      М.И. Мырзалиев
      М.Н. Отарбаев
      Е.А. Садыр
      А.А Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады