Түркістан облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 қарашадағы № 43/466-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 5254 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-8 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының хатшысы С. Ибадуллаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев

  Түркістан облыстық мәслихатының
2019 жылғы "1" қарашадағы
№ 43/466-VI шешімімен
бекітілген

Түркістан облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастыру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) негізінде әзірленді және Түркістан облысында жерлеудің және қабірлерді күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зираттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10646 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен айқындалады.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін, (мүрдесін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, лақатқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;

      2) зират – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу орыны;

      3) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      4) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар.

2-тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі:

      Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесiн тегiн бөледi.

      Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      4. Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі:

      Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар берген қайтыс болу туралы куәлік ұсынылғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      Әрбір жерлеу зират қорымының әкімшілігі жүргізетін, мынадай мәліметтерді:

      жерлеу жылын, айын, күнін;

      қабірдің нөмірін;

      қайтыс болған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күнін;

      қайтыс болу себебін;

      қайтыс болу туралы куәліктің нөмірін, күнін және кім бергенін;

      марқұмның жақын туыстарының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін және нөмірін, мекенжайын, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайын не жерлеуді жүргізген ұйымның атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын қамтитын кітапта тіркеледі.

      Жақын туыстарының тілегі бойынша қайтыс болған адамды (сүйегін (мүрдесін) бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерде бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      Табылған қайтыс болғандар денелерін (қайтыс болғандар денелерінің жеке бөліктерін), суға кеткендерді, үйлерінен тыс жерлерде кенеттен қайтыс болғандарды, сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада тұрғандарды жерлеу оны ұйымдастыруды өзіне ала алатын туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған жағдайда қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      Жерлеу туыссыз адамдарды жерлеуге арналған бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Мына:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді республиканың басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Эксгумация 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      5. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 см қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      6. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаске шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштері мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға рұқсат етіледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп ұстауды жақын туыстары тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орнатуға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдарды, соқпақтарды, гүлбақтарды, көгалдарды, кәріздік, электрлік және су құбыры желілерін және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Туркестанской области

Решение Туркестанского областного маслихата от 1 ноября 2019 года № 43/466-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 22 ноября 2019 года № 5254

      В соответствии с пунктом 2-8 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Туркестанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Туркестанской области.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Туркестанского областного маслихата" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Туркестанского областного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата С. Ибадуллаев
      Секретарь областного маслихата К. Балабиев

  Утверждены решением
Туркестанского областного
маслихата от
"1" ноября 2019
№ 43/466-VI

Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Туркестанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами разработаны на основании Приказа Министра Национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил погребения и организации дела по уходу за могилами" от 31 мая 2019 года № 48 (Зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18771) и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами в Туркестанской области.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения трупов, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 138 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10646).

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) погребение (похороны) – обрядовые действия по захоронению тела (останков) умершего в землю (могилу, склеп) или преданию огню (кремации) с захоронением урны с прахом (пеплом) в могилу, склеп в соответствии с волеизъявлением покойного, вероисповеданием, обычаями и традициями, не противоречащими санитарным, природоохранным, градостроительным и иным правилам и нормам;

      2) могила – место захоронения умершего или его останков;

      3) кладбище – территория, специально выделенная для захоронения умерших или их останков;

      4) администрация кладбища – физическое или юридическое лицо, осуществляющее организационно-распорядительные и административно-хозяйственные функции по содержанию и эксплуатации кладбища;

      5) органы, регистрирующие факт смерти – местные исполнительные органы, осуществляющие государственную регистрацию актов гражданского состояния.

Глава 2. Порядок погребения и организации дела по уходу за могилами

      3. Порядок отведения места для захоронения:

      Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

      4. Порядок захоронения умерших:

      Захоронение производится на территории кладбища после предъявления свидетельства о смерти администрации кладбища, выданного органами, регистрирующими факт смерти.

      Каждое захоронение регистрируется в книге, которая ведется администрацией кладбища, содержащей следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство о смерти;

      фамилия, имя, отчество (при наличии), индивидуальный идентификационный номер (при наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.

      По желанию близких родственников погребение умершего (останков) рядом с ранее умершим близким родственником обеспечивается при наличии на указанном месте погребения свободного участка земли или могилы ранее умершего близкого родственника.

      Захоронение найденных тел умерших (отдельных частей тел умерших), утопленников, скоропостижно умерших вне дома, находящихся в морге после судебно-медицинского исследования, при отсутствии родственников или лиц и учреждений, которые могут взять на себя организацию похорон, возлагается на местные исполнительные органы после регистрации факта смерти.

      Захоронение производится за счет бюджетных средств на захоронение безродных.

      Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при перевозке останков из отдельных могил для перезахоронения в других местах Республики или за ее пределами.

      Эксгумация производится в порядке, предусмотренном Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан от 4 июля 2014 года.

      5. Проектирование и устройство могил:

      расстояние между участками могил составляет по длинным сторонам не менее 1 метра, а коротким – не менее 0,5 метров;

      глубина могилы устанавливается в зависимости от характера грунта и уровня подпочвенных вод и составляет не менее чем 1,5 метра от поверхности земли до крышки гроба (при наличии). Во всех случаях отметка для могилы составляет на 0,5 метра выше уровня грунтовых вод;

      для умерших от особо опасных инфекций глубина могилы устанавливается на уровне 2-х метров, при этом на дно размещается хлорная известь слоем не менее 10 см;

      каждая могила имеет насыпь высотой 0,5 метра (далее – надмогильный холмик) от поверхности земли. Надмогильный холмик выступает за края могилы для защиты ее от атмосферных вод.

      6. Благоустройство мест захоронения и их содержание:

      В границах участка, отведенного под захоронение, разрешается:

      устанавливать надмогильные памятники и сооружения из естественного камня или бетона, цветники и скамейки;

      производить посадку цветов на могиле, зеленой изгороди из декоративного кустарника с последующей ее подстрижкой.

      Дальнейшее содержание могил в надлежащем порядке обеспечивается близким родственником.

      Не допускается размещение памятников и сооружений, устройство столиков, скамеек и сооружений за пределами участка захоронения.

      Территория кладбища (проезды, дорожки, клумбы, газоны, канализационная, электрическая и водопроводная сеть и сооружения) содержится местными исполнительными органами в надлежащем порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.