Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 320 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 5299 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-баптың 1-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 57 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 тіркелген) Кентау қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелерін 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 аймақтарда 50 (елу) пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.11.2021 № 93 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Кентау қалалық
      мәслихат сессиясының төрағасы М.Күнпейсов
      Кентау қалалық
      мәслихат хатшысы Т. Балабиев

О корректировке базовых ставок земельного налога

Решение Кентауского городского маслихата Туркестанской области от 29 ноября 2019 года № 320. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 13 декабря 2019 года № 5299

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2020.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и с пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Кентауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. На основании схемы зонирования земель города Кентау, утвержденной решением Кентауского городского маслихата от 28 ноября 2016 года № 57 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3939) повысить на 50 (пятьдесят) процентов базовые ставки земельного налога, установленные статьями 505 и 506 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) для земель, находящихся в зонах 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Кентауского городского маслихата Туркестанской области от 29.11.2021 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат Кентауского городского маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Кентауского городского маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии
      городского маслихата М. Кунпеисов
      Секретарь городского маслихата Т. Балабиев