ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-баптың 1-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 57 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 тіркелген) Кентау қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелерін 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 аймақтарда 50 (елу) пайызға арттырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.11.2021 № 93 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Кентау қалалық | |
мәслихат сессиясының төрағасы | М.Күнпейсов |
Кентау қалалық | |
мәслихат хатшысы | Т. Балабиев |