Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округі, Жаңаталап елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 2 қаулысы және Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 44/284-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 мамырда № 5048 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округі, Жаңаталап елді мекенінің барлығы 171,0 гектар жеріне 32,0 гектар жайылым жер қосылып, Жаңаталап елді мекенінің аумағы 203,0 гектарға ұлғайтылып, шекарасы өзгертілсін.

      2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Телгараев
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Батырбаев
      Аудандық мәслихат Хатшысы У. Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады