Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қаулысы және Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 53/328-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 5368 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы бойынша;

      1) Жаңабазар ауыл округі, 20-лет КазССР елді мекенінің барлығы 58,52 гектар жеріне 30,6 гектар жайылым жер қосылып, 20-лет КазССР елді мекенінің аумағы 89,12 гектарға;

      2) Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана елді мекенінің барлығы 352,0 гектар жеріне 5,0 гектар жайылым жер қосылып, Сарапхана елді мекенінің аумағы 357,0 гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.

      3) Жігерген ауыл округі, Жігерген елді мекенінің барлығы 143,95 гектар жеріне 1,7 гектар жайылым жер қосылып, Жігерген елді мекенінің аумағы 145,65 гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.

      2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Телғараев
      Сессия төрағасы С. Сманов
      Мәслихат хатшысы У. Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады