Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 7 маусымдағы № 356 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 11 маусымда № 5084 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 135 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 23.04.2020 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 189 "Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4584 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 05 мамырдағы "Төлеби туы" газетінде және 2018 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Омарбеков

  Төлеби ауданы әкімдігінің
07 маусымдағы 2019 жылғы
№ 356 қаулысына
1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйым атауы

жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жарық жол" комуналдық мемлекеттік мекемесі

54

1

1

2

Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Саябақтары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

1

1

3

Төлеби аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Төлеби су шаруашылығы" мемлекеттік комуналдық кәсіпорны

51

1

1

4

"Біркөлік" оңалту-сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

36

1

1


  Төлеби ауданы әкімдігінің
07 маусымдағы 2019 жылғы
№ 356 қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Төлеби аудандық ветеринария бөлімінің "Төлеби ауданының ветеринарлық қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

122

1

1

2

"Балмуздақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

1

1

3

Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны

106

1

1


  Төлеби ауданы әкімдігінің
07 маусымдағы 2019 жылғы
№ 356 қаулысына
3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйым атауы

Жұмыс керлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскер лердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

303

1

1

2

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

326

1

1

3

"№ 2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

1

1

4

"№ 3 П. Тәжібаева жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

1

1

5

"№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

1

1

6

"№ 16 Ш. Уалиханов жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

1

1

7

"Бірінші Мамыр жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

174

1

1

8

Түркістан облысының білім басқармасының "№ 8 колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

122

1

1

9

Түркістаноблысының білім басқармасының "№ 9 колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

118

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады