Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 188 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 5027 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Түлкібас ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 709 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-14-162 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 желтоқсанда "Шамшырақ" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Турашбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түлкібас аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ________________К.Ахметов

      3 мамыр 2019 жыл

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 188 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Түлкібас ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Түлкібас кенті

Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Түлкібас кенті

Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Түлкібас кенті

П.Шевцов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Көктерек ауылы

"Көктерек" бастауыш мектебінің аумағында

Иірсу ауылы

"Иірсу" бастауыш мектебінің аумағында

Кемербастау ауылы

Кемербастау ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының аумағында

Кемербастау ауылы

Кемербастау мәдениет үйінің аумағында

Алғабас ауылы

"Алғабас-1" шағын жинақты жалпы орта мектебінің аумағында

М.Жәрімбетов ауылы

А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Майлыкент ауылы

"Майлыкент" бастауыш мектебінің ауласында

Күмісбастау ауылы

Ш.Мұртаза атындағы шағын жинақты мектеп-гимназиясының аумағы

Т.Рысқұлов ауылы

М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының аумағында

Т.Рысқұлов ауылы

А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің аумағында

Т.Рысқұлов ауылы

Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебі аумағында

Т.Рысқұлов ауылы

Абай атындағы мектеп-лицейінің аумағында

Т.Рысқұлов ауылы

"Жанкент" спорт мектебінің аумағында

Бақыбек ауылы

"Кезең" бастауыш мектебінің аумағында

Қараағашты ауылы

Дауан атындағы жалпы орта мектебі аумағында

Майтөбе ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің аумағында

Көксағыз ауылы

З.Ғұбайдуллин атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Таусағыз ауылы

Титов атындағы орта мектебінің аумағында

Қожамберді ауылы

М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Машат ауылы

Машат ауылдық округ әкімі аппаратының аумағында

Машат ауылы

Ауылдық клуб аумағында

Еңбек ауылы

Ауылдық клуб аумағында

Жаңа қоғам ауылы

Ауылдық клуб аумағында

Келтемашат ауылы

Ш.Уалиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің аумағында

Кершетас ауылы

Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Жиынбай ауылы

"Жиынбай" жалпы орта мектебінің аумағында

Даубаба ауылы

"Сеславино" шағын жинақты жалпы орта мектебінің аумағында

Мақталы ауылы

Ауылдық клуб аумағында

Ақбиік ауылы

Т. Иманбеков атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Құлан ауылы

Мәдениет үйінің аумағында

Сарытөр ауылы

М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің аумағында

Тастұмсық ауылы

М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Тастұмсық ауылы

Тастұмсық ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының алды

Амангелді ауылы

Амангелді атындағы негізгі орта мектебінің аумағында

Жыланды ауылы

О.Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің аумағы

Жаскешу ауылы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің аумағы

Рысқұл ауылы

Тұрар атындағы жалпы орта мектебінің аумағы

Жанұзақ ауылы

Ауылдық клуб аумағында

Пістелі ауылы

Ауылдық клуб аумағында

Састөбе кенті

А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Састөбе кенті

Састөбе кенті әкім аппараты ғимаратының алдында

Ынтымақ ауылы

А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Балықты ауылы

Ауылдық мәдениет сарайының аумағында

Балықты ауылы

И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Шарафкент ауылы

Әл-Фараби атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің аумағында

Ұрбұлақ ауылы

"Ұрбұлақ" жалпы орта мектебінің аумағында

Көкбұлақ ауылы

Төлеби атындағы негізгі орта мектебінің аумағында

Көкбұлақ ауылы

Ауыл клубының аумағында

Абай ауылы

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Жабағылы ауылы

Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Абайыл станциясы

Н.Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебінің аумағында

Азаттық ауылы

Мәдениет сарайының алдында

Шұқырбұлақ ауылы

F.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Жаңаталап ауылы

"Жаңаталап" шағын жинақты жалпы орта мектебінің алдында

Тастыбұлақ ауылы

"Қызыл-әскер" шағын жинақты бастауыш мектебінің аумағында

Шақпақ баба ауылы

С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында

Шақпақ баба ауылы

Шақпақ ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының алдында

Разъезд 114

№ 114, № 115-разъездерінің № 17 шағын жинақты бастауыш мектебінің аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады