"Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 26/297-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5727 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/84-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 15.12.2023 № 9/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-6 тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5254, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) "оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Нұрбаев
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады