Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 388 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/382-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қарашада № 6276 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жасау туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 283 шешімі мен Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 161 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:

      Бозанбай ауылдық округінің Ақжартас ауылы, Қызылсу ауылы;

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Бозанбай ауылдық округінің Ақжартас қонысы, Қызылсу қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Бозанбай ауылдық округінің Бозанбай ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Г. Чемоданов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады