Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қырқүйектегі № 35/7-VІ "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6328 болып тіркелді. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/5-VI шешімімен

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 28.08.2020 № 60/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қалалық маслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-200 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормотивтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 25 920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерінде көрсетіледі.";

      2 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік қолдауды алу үшін жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) еркін нысандағы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады;".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Тлеукенов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады