Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 5918 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласының ауылдық округтері және кенттерінің әкімдері:

      1) барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін;

      2) белгіленген орындарды үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Семей қаласы аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы З. Тоқаев

      "26" сәуір 2019 жыл

  Семей қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ 793 қаулысына 1 қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Семей қаласы

Шәкәрім даңғылы, "Восход" базарының ауданында;
Сәтпаев көшесі, "Semey Tannery" Жауапкершілгі шектеулі серіктестігі (былғары зауыты) ауданында;
Әуезов даңғылы, "Океан" базарының ауданында;
Әуезов даңғылы, "Жаңа Семей" сауда үйінің ауданында;
Тәңірбергенов көшесі, бұрынғы "Еңлік-Кебек" кинотеатрының ауданында;
Восточный кенті, 6 Линия көшесі, 1-ші, "Қамбар" сауда орталығы ауданында;
Дальная кенті, Закария Белибаев көшесі, 34, "Дина" сауда орталығы ауданында;
Глинки көшесі, 16 а, "Көктем" сауда орталығы ауданында;
Холодный ключ кенті, Школьная көшесі, 42, "№ 48 ЖОББМ" КММ ауданында;
Жоламан кенті, 8-ші Кирпичный тұйық көшесі, 23, "№ 21 ЖОББМ" КММ ауданында;
Восход кенті, 2-шағын аудан көшесі, 37/1, "№ 34 ЖОББМ" КММ ауданында;
Бобровка кенті, Строительная көшесі, 8, "№ 44 ЖОББМ" КММ ауданынданда;
Степной кенті, Шалқар көшесі, 1, "№ 46 ЖОББМ" КММ ауданынданда;
Абай Құнанбаев көшесі, "Медицина Университеті" аялдамасы ауданынданда;
Қайым Мұхамедханов көшесі, "Орталық алаң" аялдамасы ауданында


Абыралы ауылдық округі, Абыралы ауылы

"Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Абыралы көшесі, 30

3

Айнабұлақ ауылдық округі, Айнабұлақ ауылы

"Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Айнабұлақ көшесі, 17925

4

Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы

"Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Ақбұлақ көшесі, 92

5

Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылы

"Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Ленин көшесі, 2

6

Достық ауылдық округі, Шақаман ауылы

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 9 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Шақаман ауылының дәрігерлік амбулаториясы" мекемесі ғимаратының жаны, Елшібаев көшесі, 15 (келісім бойынша)

7

Жиенәлі ауылдық округі, Бөкенші ауылы

"Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөкенші ауылының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Ш. Уәлиханов көшесі, 24а

8

Көкентау ауылдық округі, Көкентау ауылы

"Көкентау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Нұртөлеу Майтханов көшесі, 27

9

Ертіс ауылдық округі, Мұкыр ауылы

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 9 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Мұқыр ауылының дәрігерлік амбулаториясы" мекемесі ғимаратының жаны, Центральная көшесі, 3 "Б" (келісім бойынша)

10

Қараөлең ауылдық округі, Қайнар ауылы

"Қараөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қайнар ауылының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Қайнар көшесі, 25 /1

11

Новобаженово ауылдық округі, Новобаженово ауылы

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласы Новобаженово ауылының "Гармония" ауылдық амбулаториясы" мекемесі ғимаратының жаны, Школьная көшесі, 2 (келісім бойынша)

12

Озерки ауылдық округі, Озерки ауылы

"Озерки ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Озерки ауылының клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Комсомольская көшесі, 29

13

Приречный ауылдық округі, Приречное ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының "Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Желтоқсан көшесі, 29

14

Приречный ауылдық округі, Жарқын ауылы

"Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жарқын ауылының клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны, Жарқын көшесі, 9 "А"

15

Шүлбі кенті

"Профилакторий Шульбинский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жаны, 2-ықшам ауданы, 2 (келісім бойынша)

16

Шаған кенті

"Шаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаны, Станционная көшесі, 14

  Семей қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ 793 қаулысына 2 қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 20.02.2023 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады