"Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 35/234-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 40/276-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 шілдеде № 6089 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 2-тармағына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 35/234-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5797 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы А. Арғынбекова
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады