"Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/136-VІ шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 34/229-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 4 ақпанда № 5-6-193 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 37/252-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 14.05.2019 № 37/252-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 7-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 17634 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына өзгерістер енгізілгендіктен, "Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/136-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5491 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 27 ақпанында, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2018 жылдың 03 наурызында жарияланған) шешімінің, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға оны сәйкестендіріп және Аягөз аудандық мәслихатының сессиясында қабылданғанына дейін қолданылуы тоқтатылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Молдашева
      Аягөз аудандық
      мәслихат хатшысы С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады