Байланыс формасы

"Бородулиха ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 174 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 5972 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бородулиха ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5471 тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар Министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес".

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қ. Бичуиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Булавкина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады