Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі Новошульба ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 6282 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, 2018 жылғы 29 қарашадағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Новошульба ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі Новошульба ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) "Ленин" көшесін "Қазақстан" көшесіне;

      2) "Советская" көшесін "Кеңес Одағының батыры М. К. Меркулов" көшесіне;

      3) "Союзная" көшесі "Согласия" көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бектілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін оны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      округ әкімінің м.а. К. Балыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады