Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 273 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 392 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 6222 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 273 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6068 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 13 шілдеде электронды түрде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

      2. "Глубокое ауданының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Р. Сейткановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады