Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 39/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы № 33/285-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6325 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 40/348-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 40/348-VI шешімімен (08.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 39/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 4480 нөмірімен тіркелген, аудандық "Арай" газетінде 2016 жылғы 29 сәуірде, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінде:

      2, 3 - абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Үлкен Нарын ауылы аудандық мәдениет үйінің жанындағы алаң, орталық саябақ.".

      "Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Үлкен Нарын ауылы Абылайхан көшесінен бастап Ш.Тумашинов көшесінің бойымен аудандық мәдениет үйінің жанындағы алаңға дейін, орталық саябақ.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Кешілбаев
      Аудандық маслихаттың хатшысы Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады