2019 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 369 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 6390 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 05.05.2020 № 156 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4 - тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкпекті ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "27" қараша
№ 369 қаулысына қосымша

2019 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыс, ата-ана төлемақысының мөлшері


Ұйым атауы

Тәрбиенушілер саны, адам
 

Айына бір тәрбиенушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге

 
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері,теңге

барлығы

оның ішінде:

оның ішінде:

Толық күн болатын

Толық күн болатын

1

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шуақты Шұғыла" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

126

126

29651,8

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында - 8500

2

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дәншік" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

234

234

29651,8

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында – 8500

3

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көкпекті-Толағайы" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

95

95

29651,8

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында – 8500

4

Дара кәсіпкер Сарсенбаева И.М. "Ерке-Нұр" жеке меншік балабақшасы

42

42

31401,7


5

Дара кәсіпкер Далелов Қ.Қ. "Өрнек" жеке меншік балабақшасы

60

60

31401,7

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында – 8500

6

"Елим-ай" Шаруа қожалығы Бөбек-Лүпілі жеке меншік балабақшасы

60

60

31401,7

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында – 8500

7

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балерке" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

90

90

29651,8

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында - 8500

8

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Октябрь метеп-балабақша кешені"

35

35

14072,5

3 жасқа дейін - 6500
3-6 жас аралығында - 7000

9

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Үлкенбокен мектеп балабақша кешені"

37

37

14072,5

3 жасқа дейін - 6500
3-6 жас аралығында - 7000

10

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені"

29

29

14072,5

3 жасқа дейін -6500
3-6 жас аралығында - 7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады